Толеранттылыққа үйренеміз – терроризмге жол жоқ!

22.12.2025

2025 жылғы 22 желтоқсан күні «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК колледждің әлеуметтік педагогы С.Г. Коновалова «Толеранттылыққа үйренеміз. Терроризмге – жол жоқ!» атты тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – әрбір білім алушыға толеранттылық идеясын жеткізу, қырағылық танытудың қажеттілігіне назар аудару, теракт жағдайындағы мінез-құлықтың негізгі ережелерімен таныстыру, сондай-ақ толеранттылық, патриотизм және Отанға құрмет сезімдерін қалыптастыру болды.

Әлеуметтік педагогтың алдында білім алушылардың бойында толеранттылық, жанашырлық және азаматтық ұстанымды қалыптастыру міндеті тұрды. Студенттерге терроризм ұғымы, террористердің кім екені түсіндірілді. Іс-шара барысында терроризмнің бүкіл адамзат үшін жаһандық проблемаға айналғаны, оның көріністері көп жағдайда адам шығыныna әкелетіні және ауыр физикалық, психологиялық зардаптар тудыратыны туралы айтылды.

Әңгіме соңында білім алушылар адамдар бір-бірін ұлтына, дініне, көзқарасына және салт-дәстүріне қарамастан қабылдай білуі қажет деген қорытындыға келді. Өзара сыйластық пен түсіністік – қауіпсіз әрі бейбіт қоғамның негізі екені ерекше атап өтілді.



Текст
Виртуальная приемная